Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2024 жылдың 5 айында 0,5%-ға ұлғая отырып, 44,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл жерде экспорт 28,6 млрд АҚШ долларын құрайды, 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға ұлғайды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының м.а. Елдос Саудабаев ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.