Алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Электр стансаларындағы жұмыстардың барысы туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, жылу желілерін реконструкциялау жағдайы туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады. Өңірлердегі жағдай туралы бірқатар облыс әкімдері есеп берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.