ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар 725 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіп жатыр. Олардың арасында жұмысқа қабілеті бар 420 мың азамат болса, мүгедектігі бар балалар саны 109 мыңнан асып отыр. Ерекше қажеттіліктері бар үшін оларды оқшаулау, кемсітушілік, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, еңбек нарығындағы тең емес мүмкіндіктер, әлеуметтік қызметтер сапасының төмендігі және басқа да мәселелер әлі де өзекті болып тұр. Оларды шешу үшін ведомство жүйелі түрде дәйекті шешімдер қабылдауда. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ОКҚ алаңында осылай деді.