Елімізде 871 ұйым  мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіп отыр. Мәселен, 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыру енгізілуде, бұл осы салаға жеке бизнесті тартуға ықпал етеді. Бұл шара арнаулы қызмет көрсететін ұйымдардың желісін кеңейтуге және оларды шалғайдағы ауылдық елді мекендерге жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесіндегі алдағы өзгерістер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ОКҚ алаңында айтты.