Биыл 28 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бекіре» кең ауқымды балық қорғау акциясын Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының бекіре және басқа да балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды, құжатта табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. АШМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аян Бахиянов шараның барысы жайлы ОКҚ алаңында баяндады.