«Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы барысында 1 сәуірден 31 мамырға дейін Атырау және Маңғыстау облыстары ҰҚК ШҚ департаменттерінің шекаралық кемелері, қайықтары және жағалау бөлімшелерімен балық аулаудың белгіленген режимдері мен ережелерін бұзған 69 шағын көлемді жүзу құралы және 166 адам ұсталды.