Осы жылдың басынан бері 8 476 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға барлығы 9 255 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.