Ұлттық құрама командалардың Парижге аттануы қорытынды оқу-жаттығу жиындарының өтетін орнына және ойындарға қатысу мерзімдеріне байланысты жүргізіледі, яғни спортшылар Парижге әр жерлерден ұшады. ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, Ойындарға бірінші болып 20 шілдеде ескек есуден құрама Гравлин (Франция) қаласына барады.