Астана қаласында жүзеге асып жатқан «Jol Tap» жобасы іспетті жұмыспен қамту жобасы еліміздің бірнеше өңірінде қолға алынды. Оның аясында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар жүргізіледі, сондай-ақ тегін қысқа мерзімді оқыту курстары ұсынылады және жұмыссыздар немесе уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа орналастырылады. Жобаның негізгі ерекшелігі – мамандар азаматтардың келуін күтпей, керісінше, сауда орталықтары секілді адам көп жүретін жерлерге шығып, кеңес береді. Бұл бағытта өңірлерде атқарылып жатқан шаралар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.