Биыл Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің (Атырау облысы) деңгейі 119 см көтерілді. Сәуір-мамыр айларында Жайық өзені арқылы тасқын суының мол келуі, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жергілікті әкімдік бірлесіп салған қосымша арналар тиімді әсер етті, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.