ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен өткен жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба басталды. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 80,7 мың рет көрсетілді.