ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Қазақстанның Цифрлық ғылыми порталын іске қосты. Цифрлық ғылыми портал «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі негізінде әзірленді. Оны құру үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің өкілдерін қамтитын фокус-топ құрылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.