Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 77%-ы қазақ тілінде, 23%-ы орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 78% талапкер жинады. Орташа бал 70 балды құрады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.