Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын трансформациялау жұмыстары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Алматы қаласында «Оңтүстік» ғылыми-өндірістік селекциялық-тұқым өсіру консорциумы құрылды. Консорциум құрамына елдің оңтүстігінде орналасқан ҰАҒБО-на еншілес ұйымдар кірді. Ғалымдардың айтуынша, консорциум құру арқылы отандық селлекцияны дамытып, мұндай маңызды кезеңде ғалымдардың өзара байланысы нығаймақ, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.