Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық бюросының денсаулық сақтау ұйымындағы табысты басқару дағдылары бойынша курстары басталды. Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанды қоса алғанда, ДДҰ Еуропалық өңірінің сегіз елінен қоғамдық денсаулық сақтау мамандары қатысады. Курстар 12 шілдеге дейін жалғасады және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың көшбасшылық әлеуетін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.