Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты автомобиль жолдарының виртуалды көшірмесін әзірлеу бойынша жұмысты бастап кетті. Жұмыстар жолдардың электрондық паспорттарын әзірлеу жөніндегі жоба шеңберінде жүргізіледі. Цифрлық балама – бұл жол инфрақұрылымының виртуалды көшірмесі, өз кезегінде жолдағы процестерді басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.