Мемлекет пен бизнес Қазақстанда құнды асыл тұқымды мал мен мал азықтық дақылдарды өсіру үшін күш біріктірмек. Үкіметте өткен кездесу барысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қолдауымен «Zhersu» корпорациясының селекциялық мал шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.