Грант конкурсына қатысатындар құжаттарын дәстүрлі форматта, яғни ЖОО-ның қабылдау комиссияларына тапсыра алады. Сондай-ақ талапкерлердің ыңғайы үшін еGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш қабылдау жүргізілетін болады. Құжаттарды кез келген ЖОО арқылы тапсыруға болады. Қабылдау 13-24 шілде аралығында жүргізіледі. Бұл жайлы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова ОКҚ брифингінде айтты.