«EGov Business» мобильді қосымшасында заңды тұлғаның цифрлық сенімхатын ресімдеуге арналған сервис қолжетімді. Бұл қызмет ұйым басшыларына өз қызметкерлеріне сенімхат беру процесін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.