Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке тектестердің таралу ошақтарын анықтау бойынша 15,1 млн га немесе жоспарланған 17,1 млн га алаңның 88,4%-ы тексерілді. Өңдеуге жататын жер көлемі 2,5 млн га құрады. Өңдеу жұмыстары 2,4 млн га алаңға немесе болжанған көлемнің 98,3%-ы жүргізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ОКҚ брифингінде айтты.