Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ақпараты бойынша, 2024 жылғы жаз айынан бастап еліміздің аймақтарында  «Жаз қызығы – көңілді демалыс» тақырыбында 6 мыңнан астам іс-шара өтті. Іс-шаралар қалалық флешмобтардан бастап, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстарды қамтыды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.