Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.