Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда бұрын заңнамалық деңгейде белгіленбеген және алғаш рет «адам саудасының құрбаны», «адам саудасының ықтимал құрбаны», «адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері» және басқа да ұғымдар қарастырылған. Мәселен, Заңды әзірлеу кезінде ведомство негізгі тәсілдерді анықтады. Халықаралық тәжірибе енгізілді – төрт «П» тұжырымдамасы: серіктестік, алдын алу, қудалау және жәбірленушілерге көмек, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.