Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан делегацияларының басшылары мен әскери контингенттері қатысты. Іс-шара Тоқмақ мүйісіндегі Каспий теңізінің қазақстандық секторында практикалық іс-қимылдарды пысықтаумен аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.