Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының экспортты ұлғайту жөніндегі тапсырмасы және ҚХР мен ҚР арасында қол қойылған ветеринарлық талаптар жөніндегі хаттама шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Осыған байланысты бүгін ведомствода Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қытайлық CITIC Construction және Beijing Capital Agro компанияларының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.