Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріне су жинау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Аманөткел ауылының жанында су торабын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қараөзек каналында жаңа су қоймасын салуға ниетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.