ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс шеңберінде баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі. Ата-аналар бұл құжатты бірінші сыныпқа түскен кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, балалар саны жыл сайын 380 мыңнан асады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.