ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Tech Orda бағдарламасының жаңа легіне қатысу үшін жеке тұлғалардан өтінім қабылданып жатқанын хабарлайды. Бағдарлама Қазақстанның 18 бен 45 жас аралығындағы барлық азаматына ІТ-мамандықтарды тегін игеру мүмкіндігін ұсынады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.