Парсы шығанағы порттарындағы терминалы бар және одан әрі Үндістанға шығатын «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі кең мүмкіндіктер ашады және еліміздің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы мүмкін. Осы маршрутты дамыту үшін бүгін Иран, Түрікменстан және Ресеймен 2024-2025 жылдарға арналған «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс маршрутының әлеуетін синхронды дамыту бойынша Жол картасына қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.