Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағыты ашылды. Бұл Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттардың бірі. Бұл бағыт ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс орындалды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.