Жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайтын «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» (142 шақырым) мен «Өнеге-Бисен-Сайқын» (103 шақырым) күре жолдарында атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бірінші жобада асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталса, екінші күре жолдың 10 шақырымын ғана салу қалды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.