1 сәуірден бері Өзбекстан Сырдария өзені арқылы Қазақстанға 3,9 млрд текше метр су жіберді. Осыған дейін көрші елмен жарты жыл ішінде Қазақстанға Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су жіберу туралы келісілген болатын. Нәтижесінде өзбек тарапы келісілген су көлемін 4 айда жіберді, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.