Ауыл шаруашылығы министрі орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Saraylım Tarım» компаниясының Басқарма Төрағасы Ылыджа Мустафамен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі тарап инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.