Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарынан анықталған ТЖ-ға ден қою проблемаларын талдау бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында үш негізгі мәселе талқыланды: ТЖ жағдайында жедел ден қою үшін республикалық және өңірлік штабтардың өкілеттіктерін кеңейту, техника мен жабдықтарды тасымалдау тетігі, сондай-ақ табиғи апаттар кезінде мүлікті сақтандыру, деп хабарлайды Primeminister.kz.