Бүгінгі күні Қытаймен, Өзбекстанмен, Түрікменстанмен және Ресеймен шекарада «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесі қолданылады. Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек 2023 жылғы қарашадан бастап кезең-кезеңімен енгізілуде және 7 өткізу пунктінде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.