Соңғы жылдары электросамокаттар мен мопедтер мәселесі айтарлықтай күшейе түсті және олардың жол жағдайына тигізетін әсері де артып келеді. Олардың саны ортақ жолдарда айтарлықтай өсті. Иелерінің жол ережелерін сақтамауы, көбіне оларды білмеуіне байланысты, ал оның соңы апаттарға әкеп соғады. Ішінде адам шығыны да бар. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.