Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының базасында өңірдегі алғашқы ревматологиялық орталық жұмысын бастады. Орталық тұрғындарға ревматология бойынша ұзақ күту мен облыстан тыс жерлерге бармай-ақ, консультациялар мен жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.