1 маусымда елімізде шомылу кезеңі басталды. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, кешенді дайындық және алдын алу жұмыстары ұйымдастырып, жүзеге асыруда. Қазақстанның барлық құтқарушысы шомылу кезеңінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоғары дайындыққа келтірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ алаңында хабарлады.
Судағы қауіпсіздік шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр
Тегтер:
сот төрелігі