Жыл сайын 1 тамыз – 30 қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Ол оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардағы балаларға демеушілік көмек көрсетуге бағытталған. 15 жыл ішінде қайырымдылық көмек көрсетіледі. Демеушілер қатарында ірі және орта бизнес, банктер бар. Жыл сайын атаулы көмек мөлшері 3,2 млрд теңгеге жетеді.