Жыл басынан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін қор Арал теңізін құтқаруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық жобаларды іске асырумен айналысады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.