Цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында ҚМА-да арнайы бөлімшелер құрылды. Олармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде цифрлық активтердің заңсыз айналымы мен  майнингке қатысты жалпы ақш айналымы 36 млрд теңгеден асатын 18 қылмыс анықталды, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.