Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов мұнай-газ саласындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жоспарларымен таныстырды. Жаңа отандық өндірістерді локализациялауға және Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз секілді ірі мұнай-газ жобаларының сатып алуларындағы қазақстандық қамтуды ұлғайтуға басты назар аударылатын болады. Бүгінгі таңда саладағы барлық сатып алулардың 70%-ы үш ірі жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі, деп хабарлайды UKIMET.
Биыл үш ірі мұнай-газ компаниясының тауарларын сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі 7%-ға ұлғайтылатын болады
Тегтер:
энергетика