Медициналық жоғары оқу орындарына түсуді ынталандыру және студенттерді оқыту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде 2021 – жылдан бастап жыл сайын барлық деңгейдегі білім алушылар үшін стипендияны 15-20% - ға дейін арттырады. Сондай-ақ медициналық колледждердің білім алушыларының да стипендиясы көтеріледі. 2023 – жылдың 1 - қыркүйегінен бастап ол 50% - ға көтерілді. Ағымдағы жылдың 1 - қыркүйегінен бастап қосымша 50% - ға арттыру жоспарда бар. Медициналық кадрларды даярлау және медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.