Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 175 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 684,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 490,3 млрд теңге қарастырылды. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 398 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.