ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов ОКҚ алаңында су көлігінің жағдайы және оның болашағы, яғни теңіз порттарындағы тереңдету жұмыстары туралы айтып берді. 2024 жылдың шілде айында Құрық портының акваториясының түбін тереңдету жұмыстары басталды, жалпы көлемнің үштен бір бөлігі аяқталды. 7 санатқа жататын Құрық портының акваториясында топырақ әзірлеуге қауқарлы «Висалиус» жер снаряды тартылды. 2025 жылы Ақтау портында да осындай жұмыстар жүргізілетін болады. Онда қытайлық «Ляньюньган порт» компаниясымен бірлесіп контейнерлік хаб салу жобасын іске асыру басталды. Тиісті келісімге қол қойылды.