2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 138,5 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (47,5%) Қытайдан, 37% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 5,2%  – Моңғолиядан, 3,2% – Рессейден және 1,3% басқа елдерден келген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.