Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан құрамасы мүшелерімен кездесті. Үкімет басшысы Паралимпиада жаттығу орталығында еліміздің спортшылары Пара ойындарының ашылу рәсімінде салтанатты түрде алып жүретін Қазақстанның мемлекеттік туын ұлттық олимпиада құрамасына табыс етті. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.