Сарапшылардың деректері бойынша, 500 мыңға жуық қазақстандық интернет платформалар аясында жұмыс істейді. Жұмыс түрлері: курьер, такси қызметі. Оның артықшылықтарының бірі - ыңғайлы жұмыс кесесі, бірақ тәуекелдер де бар: тұрақсыз жұмыс пен кірістер, көлеңкелі қарым-қатынастың өсуі, азаматтардың әлеуметтік тәуекелдер жүйесінде болмауы. Платформалық жұмыспен қамту саласында жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтып берді.