Осы жылдың 7 айында 58,1 млн тонна көмір өндірілді. Оның ішінде энергетикаға 37,3 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін шамамен 2,5 млн тонна көмір тасымалданды, экспорт көлемі 15,8 млн тонна көмір деңгейінде қалды. Бұл деректерді Орталық коммуникациялар қызметінде салалық министрліктің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов хабарлады.