2024 жылдың мамыр айынан бастап ҚТЖ желісімен 17 млн тонна тас көмір тасымалданып, түсірілді, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін 1 млн тонна, қалғаны ЖЭО үшін жеткізілді. Жедел штаб жұмысына станциялардың бастықтары, жол бөлімшелерінің басшылары қосылды, мониторингтік топтар тәулік бойы тексерістер жүргізіп, кірме жолдар, өңірлердегі көмір операторлары және көмір разрездерінің өкілдерімен бірқатар кеңес өткізілді.